Жаңалықтар
Біз, облыс пен Орал қаласының ардагерлері, облыстағы су тасқынына байланысты зардап шеккен адамдарға өз бірлігіміз бен қолдауымызды білдіреміз. Осыған байланысты ардагерлер қалалық кеңесінің кезектен тыс төралқасының 02.04.2024 жылғы шешімімен: 1. БҚО-дағы Төтенше жағдай кезінде төралқа облыс халқына практикалық көмек көрсету жөніндегі ардагерлер кеңесінің қалалық штабы, балалар мен зейнеткерлерге арналған қаржы қаражаты мен материалдық көмек жинау орталығы болып саналсын (Ж.Молдагалиева көшесі 25А); 2. Төралқа мүшелерін бекітілген бастауыш ардагерлер ұйымдарында ардагерлерді әлеуметтік қорғау жұмысы туралы қалалық ардагерлер кеңесінің штабына тұрақты түрде хабарлауы міндеттелсін; 3. Қаланың бастауыш ұйым төрағаларын су тасқыны кезінде зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы зейнеткерлер мен ардагерлер және қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеттелсін. Аудандық "жерлестер" бастауыш ұйымдары ауыл әкімдіктерімен, аудандар мен қала депутаттарымен тұрақты байланыста болсын, су тасқынынан кейінгі іс-шараларды ерекше бақылауға алынсын. Әрбір ауданда және қалада әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерде отбасылардың әлеуметтік карталары бар, оларға сәйкес аудандарға түсініктемелер беріліп, материалдық қолдау көрсетілуі тиіс; 4. Instagram-да birge_bko "БҚО Ардагерлер қоры" парақшасы құрылды, онда облыстың зардап шеккен тұрғындарына материалдық, әлеуметтік, құқықтық, азық-түлік және басқа да көмек көрсету туралы облыстың аудандарынан ақпарат орналастырылады. Қалалық ардагерлер Кеңесі төралқасының мүшелерінен қалыптасқан жағдай туралы дұрыс ақпаратты қадағалауды және өз ардагерлеріне дұрыс ақпаратты (жалған емес) жеткізуді, сондай-ақ ардагерлердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында оларға облыста құрылған эвакуациялық пункттер туралы ескертуді сұраймыз. «БҚО Ардагерлер қоры» ардагерлер кеңесінің баспасөз қызметі