Жаңалықтар
БҚО «Қазақстан төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы" қоғамдық бірлестігі 2025 жылы құрылғанына 20 жыл толуын атап өтеді, осы кезеңде ұйым аға буын адамдарымен жұмыс істеуде айтарлықтай тәжірибе жинақтады. 2022 жылғы 18 ақпанда ҚБ ҚР әділет органдарында қайта тіркелді. Ардагерлер кеңесі 7 адамнан тұрады. Есепті кезеңде кеңестің сегіз отырысы өткізілді. 2023 жылғы қаңтарда облыс басшылығының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте гарнизонның жеке құрамы алдында БҚО "ТЖ бойынша қоғамдық бірлестігінің" бастауыш ардагерлер ұйымының 2022 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалып, оң бағасын алды. Кеңестің жұмысы 2023 жылғы 15 мамырда "ТЖ жөніндегі ҚАҰ" ҚБ 6-шы кезектен тыс конференциясында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2023 жылғы 12 қыркүйекте №4900-1900-ҚБ тіркеген Орталық ардагерлер ұйымының Жарғысына сәйкес ұйымдастырылады. Ол ҚР ТЖМ 22.12.2020 жылғы №106 бұйрығының талаптарын ескере отырып, Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің органдары мен бөлімшелерінің кадр қызметтерімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып жүргізіледі. БҚО "ТЖ жөніндегі ҚАҰ" ҚБ филиалының негізгі міндеті ардагерлер мен зейнеткерлерді бастапқы ұйымға біріктіру және оларды қала мен облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өміріне тарту, сондай-ақ аға буын адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және сапасын арттыру болып табылады. "ТЖ жөніндегі ҚАҰ" ҚБ филиалының ардагерлер кеңесі өз жұмысын РҚБ облыстық және қалалық филиалдарымен тығыз қарым-қатынаста, және Орал қаласы әкімдігінің бөлімдерімен, облыстың қоғамдық даму, Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, жастар саясаты және спорт, білім, мәдениет, денсаулық сақтау басқармаларымен белсенді ынтымақтастықта құруда. 2023 жылғы бірінші қантардағы зейнеткерлер саны – 524 адамды құрайды, оның ішінде 478 аттестатталған қызметкер, 5 әскери қызметші және 41 аттестатталмаған құрам (ерікті немесе азаматтық тұлғалар). БҚО төтенше жағдайлар департаментінің Ардагерлер ұйымы ардагерлерге үнемі қамқорлық жасайды, олардың ішінде ҰОС қатысушыларына теңестірілген 4 жауынгерлік ардагері, Чернобыль АЭС-на апатты жоюға 1 қатысушы, Семей ядролық полигонындағы тәуекел аймағына қатысушы 3, тыл еңбеккерлері 3 адам, сондай-ақ қызметші ардагерлері бар. Ардагерлер ҚБ- гі Орталық Кеңес Төралқасының ұсынымдары мен қаулыларына, ҚР ТЖМ бірлескен бұйрықтарына сәйкес олардың материалдық және тұрмыстық мәселелері тиісті деңгейде шешіп отырады. Есепті кезеңде ардагерлер кеңесі БҚО ТЖД гарнизонының басшылығымен және жеке құрамымен бірлесіп ардагерлерді түрлі салтанатты іс-шаралар ұйымдастырып отырады, олар ардагерлер ТЖМ базасында ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді қатысады. Мәселен, 2023 жылғы наурызда ардагерлер "Азаматтық қорғау саласындағы заманауи қатерлер" ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты, сәуір айында БҚО Ардагерлер кеңесі ҚР "ТЖ бойынша ҚАҰ" ҚБ Жарғысының жаңа редакциясын бекіту мәселесі бойынша ҚР "ТЖ бойынша ҚАҰ" 6-шы кезектен тыс бейнеконференциясына, "Бірлік күніне" арналған"дөңгелек үстелге" қатысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Г.Т.Сарыбаевпен, Ж. Б. Асановамен, А. Г. Сатбалдиевпен, Шиповскийлермен кездесу өткізді, Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуына ҚР ТЖ Министрінің орынбасары М. Пішембаев пен БҚО әкімі Н. Төреғалиевтің қатысуымен өткен жиналысында белсенділік көрсетті. Ардагерлер мен қызметкерлер әрқашан өздерінің тәлімгерлерін еске алады және әкелер мен аталардың өмір жолын құрметтеп, олардың еңбегі мен адамдарды құтқару ісіне берілген жылдарын, мамандықтағы белсенді жұмысын бағалайды. ҚР "ТЖ бойынша ҚАҰ" ҚБ ардагерлер Кеңесі Төралқасының 2022 жылғы 7 сәуірдегі №12 ұсынымдарын орындау мақсатында және жас ұрпақты мемлекетік патриотизм және ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеу мақсатында ардагерлер кеңесі БҚО ТЖД бөлімшелерінің бірінші басшылары туралы материалдарды жасақтап, басып шығаруға дайындады. ҰОС жеңісінің 80 жылдығына және ТЖ жөніндегі ардагерлер ұйымының құрылғанына 20 жыл толуына орай 2025 жылы "Саптағы ардагерлер"атты екінші республикалық кітап шығады. Біздің қоғамды табысты дамыту және нығайту барлық ұрпақтардың үздіксіз өзара іс-қимылысыз мүмкін емес, мұнда жетекші әрқашан аға буын болады. Осыған байланысты ардагерлер кеңесі жас қызметкерлердің Ант қабылдау рәсімдеріне және Жеңіс алаңындағы саптық байқауларға белсенді қатысады, ардагерлер кеңесінің мүшелері БҚО ТЖД аттестаттау комиссиясының жұмысына қызметкерлерді және жаңадан қабылданған қызметкерлерді аттестаттау кезінде бақылаушы ретінде тұрақты негізде қатысады. Ардагерлер ұйымы біздің мемлекетіміздің мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған қаланың түрлі мәдени іс-шараларына жалпы қалалық және облыстық іс-шараларға, оның ішінде ЖОО мен колледждерде жастармен кездесулерге, оқытушылар құрамының, студенттердің, еріктілердің қатысуымен ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып тұрады. Ардагерлер кеңесі БҚО ТЖД бөлімшелері ардагерлерінің салауатты өмір салтына, бөлімшелері арасында "КВН" қазылар алқасының жұмысына қатысуға көп көңіл бөледі. Жыл сайын Отан қорғаушылар күніне арналған шеруге және Азаматтық қорғау штабының бірінші бастығы, БҚО ТЖД аумағында орнатылған ҰОС қатысушысы полковник Ш.О. Мұхтаровтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысады, бұл жас ұрпаққа лайықты үлгі көрсетеді. Ардагерлер ұйымының кеңесі мен департамент қызметкерлері Жеңіс күні қарсаңында – 9 мамырда мұқтаж және қарт адамдарға атаулы көмек көрсетіп, олардың арасында батыр аналар, қарттар, көп балалы жалғызбасты аналар, тыл еңбеккерлеріне барады, Жеңіс алаңында және жедел құтқару жасағының базасында "солдат ботқасы" ұйымдастырып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды. Осымен қатар, 1 наурыз Алғыс айту күні Департамент пен өрт сөндіру қызметінің басшылығы мен қызметкерлерінің көмегімен кеңес жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне барып азық-түлік жиынтықтарын тапсырып, үйлер мен аулаларды қардан тазалап, материалдық және моральдық қолдау көрсетіп тұрады. Қызметкер ардагерлер мен зейнеткерлерге оларды сауықтыруға және қымбат медициналық препараттар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде оңалтуға бағытталған материалдық көмек көрсетіледі. Халықаралық балаларды қорғау күнінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетіліп, жесірлерге материалдық көмек беріледі. БҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімінің базасында қызметкерлердің балаларына өрт сөндіру бөлімінің мұражайына барып, техника көрсету шаралары ұйымдастырылды. Қарттар күніне орай Департамент пен өрт сөндіру қызметінің басшылығы мен қызметкерлерінің көмегімен қарт және егде жастағы 45 ардагерге азық-түлік жиынтығын тапсырып, үйлер мен аулаларды қардан тазалау жұмысы, материалдық және моральдық көмек көрсетілді. Ай сайын кадр аппараты мен жеке құрам қызметкерлерінің көмегімен ардагерлер ұйымының кеңесі ардагерлерді мерейтойларымен құттықтау ұйымдастырып материалдық көмек көрсетеді. Кеңес жұмысының бағыттарының бірі ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында және бір – біріне көмектесу және қолдау болып саналады, есепті кезеңде ардагерлер ұйымның жұмысына белсенді қатысқаны үшін, азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлерін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені үшін Орталық кеңестің төралқасы БҚО төтенше жағдай органдарының бірқатар ардагерлерін марапаттады. Олардың ішінде "Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрметті ардагері", "Еңбек ардагері" медальдарымен және "Өрт күзетіне 105 жыл", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының құрметті ардагері " төсбелгілерімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Екі ардагерге "Шучинск-Бурабай" шипажайына жолдама берілді. Ардагерлер кеңесінің мүшелері жүйелі түрде БҚО ТЖД гарнизонының өмірі мен қызметіне, ардагерлер мен зейнеткерлердің, оның ішінде қиын жағдайда қалған қызметкерлердің отбасыларының әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған оның барлық құрылымдық бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимылға белсенді қатысады. БҚО "Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы" ҚБ ардагерлері жастарды рухани, адамгершілік және патриоттыкке тәрбиелеуде үлкен тәжірибесі бар. Біздің міндетіміз зейнеткерлердің өміріне қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің тұтастығына қамқорлық жасау. Қазіргі уақытта біздің ардагерлеріміз жастармен бірге қоғамды түбегейлі жаңарту, экономиканы, әлеуметтік және сыртқы саясатты, мәдениетті құрудың шынайы демократиялық жолын жариялаған жаңа Қазақстанды құру бағытын жалғастыруда", - дейді ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серік Ғабдижанұлы Құсайынов.