БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

Орал қалалық "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің 2024 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысы туралы Ақпарат

Орал қалалық "Ардагерлер ұйымы" ҚБ-нің негізгі мақсаты ардаг ерлердің азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру, қаладағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту болып табылады. Қоғамдық бірлестіктің басты міндеті - ардагерлер мен зейнеткерлерді біріктіру және оларды қаланың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өміріне тарту. 2024 жылы ардагерлер ұйымының басым міндеті болған ол аға буын адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі республикалық ардагерлер ұйымының IX съезінің шешімдерін орындау бойынша жұмыс болып қала береді. Қалалық ардагерлер кеңесінің құрамында 35 адам, Төралқаның 13 мүшесі сайланды, төралқаның барлық отырыстары кеңейтілген құрамда өтті. Қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының жұмысы ардагерлерді бірлескен қоғамдық қызметке жұмылдыруға, бастауыш ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға және ардагерлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесуге бағытталған. Төралқа мүшелерінің жұмысының негізгі бағыты ардагерлер ұйымын ұйымдық нығайту, жаңа бастауыш ардагерлер ұйымдарын құру, оларға жұмыста әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ ардагерлер активін оқытуды ұйымдастыру, тәжірибені зерделеу және қорыту, маңызды қоғамдық акциялар өткізу бойынша жұмыс болып қала береді. Мәселен, 2024 жылдың бірінші тоқсанында төралқаның үш отырысы өткізілді: "қаланың бюджеттік саласы жанындағы бастауыш ұйымдарының жұмысы туралы "(Төралқа мүшесі Ж. Кәрімова)," Ақжайық "жерлестігінің жұмысы туралы "есеп төрағасы Ж. Сағынаев, "Бөрлі" жерлестігінің жұмысы туралы есеп төраға М. М. Құлманов тыңдалды, сондай-ақ ұйымдастыру жұмыстардың бірқатар мәселелері қаралды. Қалалық кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта Орал қаласында 49447 зейнеткер тұрады, олардың құрамында Ұлы Отан соғысының 13 қатысушысы, фашизмнің екі жас тұтқыны, Ленинград блокадасында болған бір адам, 1255 тыл еңбеккері бар. Бұл қала тұрғындарының қаламыздың алтын қоры, аға буынның жүріп өткен өмір жолын кейінгі жастарға насихаттауға, қазақстандық патриотизм сезімі қалыптасуға үлкен әсері тиеді. Қалада ардагерлерді шоғырландыру үшін 183 бастауыш ардагерлер ұйымы құрылып және жұмыс істейді, олар 37500 (76 %) аға буын адамдарын біріктіреді. Ардагерлер ұйымдары жастарды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөледі және бұл жұмыс бағыты қоғамдық-саяси жұмысының басты бағыты болып табылады. Орал қалалық ардагерлер кеңесі екінші жыл "Ардагерлер ұйымдары мен ұрпақтар сабақтастығына арналған шаралар" атты ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында облыстық жобаның жұмысына белсенді қатысып келеді. Бұл бағытта ардагерлер кеңесінің активі №2, №18, №20,№47 мектептермен колледжде оқушы жастармен және оқушылармен патриоттық тәрбие бойынша бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен қатар ардагерлер мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған қаланың түрлі мәдени іс-шараларына белсенді қатысып келеді, 28 ақпанда үлкен аншлагпен өткен Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған "Шәмші әлемі" концертін атап өтуге болады. Зейнеткерлермен ардагерлер үшін 14 наурызда облыстық драма театры "Жұбан" спектаклін тамашалауды ұйымдастырды, ал 15 наурызда өткен "Батаменен ел көгерер" республикалық жарысында ардагерлеріміз жүлделі орындарға ие болды. "Qamqor" белсенді ұзақ өмір сүру орталығы екі жыл бойы жұмыс істеп келеді, зейнеткер жастағы адамдарды спортпен, шығармашылықпен айналысуға, компьютерлік білім алуға т.б. мүмкіндік жасап келеді. Орал қаласында бос уақытты ұйымдастыру үшін "Ардагер" клубы ашылған, клубтың жанында 22 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Қаланың мәдениет бөлімі, облыстық филармония ұжымдары бірінші наурыз Алғыс айту күніне, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған музыкалық-танымдық бағдарламамен мерекелік шаралар өткізді, сондай-ақ I тоқсанда еңбек ардагері В.Күлтюшновтың жетекшілігімен "Жастар"МҮ-де үш концерт ұйымдастырылды. Ардагерлер шығармашылық топтардың қойылымдары көбінесе қалалық мектептерде өтеді және тәрбиелік іс-шаралармен бірге жүреді. 2024 жылғы 14-23 наурыз аралығында өткен "Наурызнама" онкүндігі барысында қаланың ардагерлер ұйымдары үлкен жұмыс жүргізді. Мәселен, 20-23 Наурызда "Жаңару" және "Тазару" мерекесі барысында қала ардагерлері экологиялық акцияға белсенді қатысып, қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлестерін қосты. Ардагер ұйымының жұмысына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ардагерлердің салауатты өмір салтына елеулі көмек пен қамқорлық көрсетіп тұрады, 1 наурызда "Орал" спорт клубының орталығында "дөңгелек үстел" ұйымдастырылып, қала мен облысқа танымал спорт ардагерлері және жастармен кездесу өтті. Спорттық іс-шараларға қатысу тегін болғандықтан дойбы, шахмат, асық ату, дартс және үстел теннисі, тоғызқұмалақ пен пневматикалық мылтықтан атудан жарыстар үнемі өткізіліп келеді. Қалалық "Ардагерлер ұйымы" ҚБ-нің жұмысы жоспарлы түрде жалғасуда.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены