Жаңалықтар
Қазақстанда өтіп жатқан Наурызнама он күндігінде орай Оралда ағаш отырғызу ақциясы өтті. Осы шараға Орал қалалық ардагер кеңесінің төрағасы Әнесов Мынатаубик Тауфикұлы бастаған ардагерлер де қатысты. Облыс әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы тұрғындарды 19 наурыз Жаңару күні мейрамымен құттықтады. «Жаңа көшеттер –жаңа идеялар –мемлекет дамуындағы жаңа кезең. Қаламыздың келбеті мен сәні – ол жайқалған көк желектер. Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында 10-шы шағынауданға 74 түп шырша көшетін егеміз. Алдымызда әлі көптеген жұмыстар күтіп тұр» - деді облыс әкімі. Экологиялық акцияға қатысқан бизнес өкілдерін, жастарды, аға буын өкілдерді ардагерлер кеңесі президиумының құрметті мүшесі Әленғали Киреев Наурыз мейрамымен құттықтап, жақсы бастамаларға ақ батасын берді.