Жаңалықтар
2024 жылғы 12 наурызда қала ардагерлер ұйымының төрағасы Мыңатаубик Тауфикұлы Анесов бастаған Орал қаласының ардагерлер кеңесі "Бөрлі" жерлестік бастауыш ардагерлер ұйымының есептік-сайлау жиналысына қатысты. Кездесудің мақсаты – ардагерлер бірлестіктерінің белсенділігін және іріктеліп алынған белсенділерінің ардагерлермен және зейнеткерлермен жұмыстың тиімділігіне жауапкершілігін арттыру. Бөрлі жерлестік ұйымының төрағасы Құлманов Мақсот Мусиұлы бастауыш ұйымның 2022 -2024 жылдары істелген жұмысымен таныстырып, жерлестіктің құрамында 63 зейнеткер мен ардагерлері барын айтты. Олардың ішінде көбісі Бөрлі ауданының құрметті азаматтары, бірақ, облыс орталығында тұра келе, Орал қаласындағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуда белсенді жұмыс жүргізіп келеді, қаланың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өміріне зор үлес қосуда. Жиналыста ардагерлердің бастауыш ұйымдары туралы Ережеге сәйкес 9 адамнан тұратын төралқа құрамы және бюроның құрметті мүшелері сайланды. М. М. Құлманов "Бөрлі" жерлестік бастауыш ұйымның төрағасы болып қайта сайланды. Кездесуде сөз сөйлеген қалалық Кеңестің төрағасы М. Т. Анесов "жерлестік" ардагерлер ұйымына жаңа мүшелерді тарту бойынша мәселелерді көтерді, өз жерлестерін "Құрметті ардагер" белгісіне белсенді түрде ұсынуды, жаңадан сайланған активпен жұмысты жандандыруды ұсынды. Төралқа мүшесі Р. Л. Әбілаева ағымдағы жылдың 14-23 наурызы аралығында бекітілген "Наурызаманың" алдағы онкүндігінің мәселелерін түсіндіріп, жаңа идеологиялық мағынаға толы мерекенің әр күнінің тақырыптық бағыттары мен мазмұнымен таныстырып өтті, және жерлестіктің ардагерлері мен зейнеткерлерін Наурыз мейрамына белсенді қатысуға шақырды. О. А. Исаева ардагерлердің мәртебесіне қатысты мәселелер бойынша төралқаның жұмысы туралы айтып берді, "Ақжайық" жерлестік төрағасы Ж.К. Сағынаев өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Жиналыста сөз сөйлеген ардагерлер ұйымды нығайту жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп, Бөрлі ауданы әкімдігіне олардың денсаулығын қолдағаны және қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.