Жаңалықтар
23 ақпан күні Серябреков мектебінде "Ардагерлердің өмірі - жастарға өнеге" атты жастармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: жастардың ардагерлерді кұрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға Абдушев Қадырбай – ГКӘТ, ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Бәйтерек ауданы бойынша басшысы Машенов Сакен - «Германиядағы қенес әскерінің» тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің ардагері Уксукбаев Аскар - «Германиядағы қенес әскерінің» тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің ардагері қатысты. Оқушылар өз тараптарынан әртүрлі сұрақтар қойып, ардагерлерге алғыстарын білдірді.