Жаңалықтар
22 ақпан күні №20 жалпы орта білім беретін мектепте "Ардагерлердің өмірі - жастарға өнеге" атты жастармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: жастардың ардагерлерді кұрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға Ережепов Мурат Адилгереевич - «Германиядағы қенес әскерінің» тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің ардагері Шарипов Ринат Жигерович - «Германиядағы қенес әскерінің» тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің ардагері Куаншалиев Ертаргын Елеусинович - «Германиядағы қенес әскерінің» тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің ардагері қатысты. Оқушылар өз тараптарынан әртүрлі сұрақтар қойып, ардагерлерге алғыстарын білдірді.