Жаңалықтар
22 ақпан күні №18 жалпы орта білім беретін мектепте "Ардагерлердің өмірі - жастарға өнеге" атты жастармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: жастардың ардагерлерді кұрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға Жақсылықов Ұзақбай - БҚО ГКӘТ, ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы бойынша басшысы. Сабиров Қайролла - ГКӘТ, ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Хайруллин Мезамғали –ГКӘТ, ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы бойынша кеңесшісі қатысты. Оқушылар өз тараптарынан әртүрлі сұрақтар қойып, ардагерлерге алғыстарын білдірді.