Жаңалықтар
21 ақпан күні №47 Қадыр Мырза Әлі жалпы орта білім беретін мектепте "Ардагерлердің өмірі - жастарға өнеге" атты жастармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: жастардың ардагерлерді кұрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға Аталыков Сенбай - ГКӘТ, ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы бойынша орынбасары, Башенов Аманкельді - ГКӘТ, ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі қатысты. Оқушылар өз тараптарынан әртүрлі сұрақтар қойып, ардагерлерге алғыстарын білдірді.