Жаңалықтар
21 ақпан күні Хиуаз Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте "Ардагерлердің өмірі - жастарға өнеге" атты жастармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: жастардың ардагерлерді кұрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға Жақсылықов Ұзақбай - БҚО ГКӘТ, ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы бойынша басшысы. Хайруллин Мезамғали –ГКӘТ, ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы бойынша кеңесшісі қатысты. Оқушылар өз тараптарынан әртүрлі сұрақтар қойып, ардагерлерге алғыстарын білдірді.