Жаңалықтар
Бүгін 1 ақпан күні Орал ақпараттық технологиялық колледжінде «Ардагерлердің өмірі –жастарға өнеге!» атты жастармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: Жастардың ардагерлерді құрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскерінің тобы» ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалы мүшелері Аталыков Сенбай, Ермекқалиұлы Қуаныш, Уразов Сабырғали БҚО Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілі Дүйсенғалиев Роман Сүлейменұлы қатысты.