Жаңалықтар
Бүгін 31 қаңтар күні Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде "Ардагерлердің өмірі - жастарға өнеге" атты жастармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: жастардың ардагерлерді құрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға “Германиядағы кеңес әскерінің тобы және Варшава келісімшарты әскерінің тобы” республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО мүшелері Жақсылықов Ұзақбай, Абдушев Қадырбай, Хайруллин Мизамғали, БҚО Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілі Дүйсенғалиев Роман Сүлейменұлы қатысты.