Жаңалықтар
4 қаңтар күні өңіріміздің еңбек ардагері Какимова Балғаным Жантөреқызының туған күні. Еңбек ардагерін Орал қаласының әкімі М.Сатқанов атынан қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі А.Сисенова мен қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары О.Исаева туған күнімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйға тартты. Еңбек ардагері өз тарапынан үлкен ризашылығын білдірді.