Жаңалықтар
1 қазан Халықаралық қарттар күні. Осыған орай Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов ардагерлерді мерекемен құттықтады. Шараға еңбек арлагерлері, қаланың құрметті азаматтары қатысты. Олар қала әкіміне құрметі үшін ризашылықтарын жеткізіп, баршаға бейбіт те берекелі өмір тіледі. Қазыналы қарияларға арнап мерекелік дастархан жайылып, қалалық көркемөнерпаздар әсем әннен шашу шашты.