Жаңалықтар
30 қараша күні Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Бәйтерек» комьюнити орталығының «Жайық толқындары» вокалдық тобы әжелерінің қатысуымен қаламыздың 20 ЖОББ мектептің жоғары сынып оқушыларына «Киіз басу» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағат барысында киіздің адам денсаулығына пайдасы мен қазақ халқының өткен ғасырдағы қолданыс аясы түсіндірілді. Шеберлік сағаттың басты қонақтары “Жайық толқындары” вокалдық тобы әжелері кештің көркін келтіріп, халық әндерінен шашу шашып, жастарға көрген-білгендерінен ақыл-кеңестерімен бөлісті. Қаламызға танымал қолөнер шебері Каликова Айна киіз басудың технологиясын көрсетіп, жастарға киіз басу өнерін үйретті.