БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

БАСТАУЫШ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

2025 жылдың 23 шілдесінде Орал қалалық «Ардагер үйымы» қоғамдық бірлестігі «Бастауыш ардагерлер ұйымдарының мәртебесі мен рөлін арттыру туралы» Қ.Қ. Тоқаевтың «Бірлік пен келісім жолында 30 жыл» қоғамдық сананы жаңғырту баяндамасы аясында бастауыш ардагерлер ұйымының белсенділері мен төрағаларының қалалық семинар-кеңесін өткізді. Семинар екі секциядан тұрды, оның біріншісінде келесі мәселелер қаралды: 1. «Ардагер үйымы» қалалық қоғамдық ұйымының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша бастауыш ұйымдардың мәртебесі мен рөлін арттыру жөніндегі міндеттері». Баяндамашы Әнесов М.Т. – Орал қаласының «Ардагер ұйымы» ҚБ-ң төрағасы 2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бақдарламалар бөліміндегі атқарылған жұмыстар туралы». Баяндамашы Сисенова Анаргуль Ильясқызы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары «Құрмет пен қамқорлық; зейнеткерлерді қолдау жолдары». Баяндамашы Мектепкалиева Аида Нурболатқызы «Интеграл» ЖҚБ-ің төрағасы. «Белсенді өмір сүру» орталығы жоба жетекшісі. Семинардың екінші бөлімі бастауыш ардагерлер ұйымдары төрағаларының практикалық жұмыстарының мәселелеріне арналды; бастауыш ұйымдары төрағаларының жұмысы туралы сүреттелген альбомдар мен олардың жұмысының электронды нұсқалары ұсынылды. «Сұхбат алаңында» ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абилаева Р.Л. Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағаларының істелген жұмыстарымен таныстырып, «Қалалық ардагерлер кеңесінің жұмысында цифрлық құралдарды пайдалану туралы» ақпарат ұсынды, және «Қаланың ардагерлер ұйымдарында құжаттамамен жұмыс жасаудағы проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы» Исаева О.А. баяндады. БАҰ жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау және ардагерлермен жұмыс жасаудың озық тәжірибелерімен тәжірибе алмасуға арналған «Сұхбат алаңында»: Бөкейорда (Сабиров Х(., Ақжайық (Сағынаев Ж.)бастауыш ұйым төрағалары, қалалық білім беру бөлімдері төрағасының (Аймагамбетова Г) іс-тәжірибесі туралы, темір жол БАҰ төрағасы (Карибаев А.), қала поселкелық округтерінің ардагерлер ұйымдарының төрағаларының іс-тәжірибесі туралы болды. «Бөкейорда» жерлестер төрағасының ақпараты ерекше қызығушылық тудырды, ол жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қызықты электронды материал мен суреттелген альбомды ұсынды. Семинар соңында қалалық ардагерлер кеңесінің ардагерлер ұйымдарымен жұмыс жөніндегі уәкілетті органдармен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Ұсынымдар қабылданды. Семинарға қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің ардагерлер ұйымдарымен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі Кеңесова Айдана Самиғолла қызы қатысып, сөз сөйледі. Семинар жылы іскерлік жағдайда өтті, барлық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағаларының жетістіктері атап өтілді.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены