Жаңалықтар
2025 жылдың 23 мамырында Сырым ауданы әкімдігі Орал қаласындағы жерлес ардагерлер үшін жылы жүздесу ұйымдастырды. Сырымдық ардагерлердің күні Орал қаласындағы “Жайық Арена” көпбейінді спорт кешенінде басталды. Қазыналы қарияларды жаңадан бой көтерген кешенде экскурсия ұйымдастырып, күнделікті тыныс тіршілігімен таныстырған осы нысанның директоры Артур Серғалиев болды, ол осыған дейін Сырым ауданында әкім орынбасары болып қызмет еткен. Осы шара барысында көпбейінді кешенде Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің жанындағы “Қайсар” спорт клубы және “Демалыс орталығы” ұйымдастыруымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған ардагерлер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды. Жарыстың ашылуында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, “Жайық Арена” көп бейінді спорт кешенінің директоры Артур Серғалиев сөз алып ардагерлерді құттықтады. “Жайық Арена” спорт кешенінде ардагерлердің қатысуымен үстел теннисі, дартс, асық ату, дойбы спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңіске жеткен ардагерлер марапатталды. Аудан әкімі Батырниязов Жұмабек Жолдыбайұлының ардагерлермен кездесуі ерекше құрметпен «BEFF ASSORTI» мейрамханасында аудан әкімі атынан дастархан жайылып, бұл кездесуде аға буынның айтар ақылы, көрсетер үлгісі жетерлік болды. Әсіресе, түрлі салаларда басшылық қызметте болған, “сырттың да, іштің де”, даланың да, кеңсенің де жұмысына қайнап піскен ағалардан бүгінгі жас атқамінерлердің үйренер қасиеті жетерлік екенін байқатты. Кездесудің басты мақсаты ел қызметіндегі ізгі жолды жалғау болды. Жұмагелді Батырниязов үлкен буынға ілтипат білдіріп, еңбектері үшін алғыс айтты. Сөз арасында аудан басшысы қаладағы жерлестер Сырым ауданында атқарылған және жоспардағы жұмыстармен таныстырып, елдің жайын да айта отырды. Ардагерлердің кездесуі Қадыр Мырзали шығармаларынан, күй мен әндерін орындаумен аяқталды. Шараға Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, БҚО Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, қалалық ардагерлер төрағасы Мынатаубиік Анесов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абилаева Рауза, Сырым ауданы жерлестер қауымдастығының төрағасы Ғұмаров Баянбек, кеңестің аудандағы өкілі, журналист Мүсірбек Айташевтар қатысты.