БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

қала ардагерлері қаламызды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына шықты

2025 жылдың 21 сәуір күні қала ардагерлері қаламызды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына шықты. «Қазақтың бүгінгі қазыналы қариясы, біздер, кешегі Ұлы Отан соғысында майдан көрген, тылда еңбек еткен аталарымыз бен ағаларымыз, әжелеріміз бен аналарымыздың ұрпақтарымыз, ал бүгінгі «Ардагерлер ұйымының» атқарып жүрген ісі, жастарға берер тағы бір тәрбиесі мен өнеге, өсиетінің көрінісі болды. Ардагерлер осымен төртінші сенбілікке қатысуда, бізді қуантатыны, жастарымыздың тазалық мәдениеті күн санап артып келе жатқаны»- деді қала ардагерлерінің төрағасы Әнесов Мынытаубик. "Таза Қазақстан" акциясы аясында бір күнде жүздеген терек егілді. Акция Орал қаласының Тұңғыш Президент алаңында ұйымдастырылды. Игілікті іске облыс әкімі Нариман Төрегалиев, ардагерлер, жастар, жеке кәсіпкерлер белсене қатысты. Экологиялық акция қаламыздың ажарын ашып, көркін кіргізуде, қаланың қоқыстары тазаланып, ескерткіштердің аумағы абаттандырылып, талдар егілуде. Облыс басшысы акцияға қатысқан ардагерлерге алғысын білдіріп, қаламыздың тазалығына әрбір тұрғын жауапты екенін жеткізді. Экологиялық акция аясында тазалық жұмыстары сәуір айының аяғына дейін жалғасын табады.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены