Жаңалықтар
17 сәуір №43 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ардагерлердің өмірі - жастарға өнеге!» атты ұрпақтар сабақтастығы аясында жастармен кездесу өтті. Шараның мақсаты: жастардың ардагерлерді құрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға Батыс Қазақстан облысы «Германиядағы кеңес әскерінің тобы және Варшава келісімшарты әскерінің тобы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері Хайруллин Мизамғали Қажығалиұлы, Хатаев Аміржан, Ермекқалиұлы Қуаныш, Балдаков Асылбек Тасболатұлы қатысты.