Жаңалықтар
22 сәуір №3 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ардагерлердің өмірі - жастарға өнеге!» атты ұрпақтар сабақтастығы аясында жастармен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты: жастардың ардагерлерді құрметтеуге, ұлт құндылығын, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттауға шақыру. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға Орал қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Исаева Ольга Алексеевна,Абилаева Рауза Лукпановна,Хуспанова Мария Раиповна,Кусаинов Серик Габдижанович,Бегалиев Бисен Хамидулович ағамыз қатысты.