БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

2025 жылдың 18 сәуірінде өткен «дөңгелек үстелде» ардагерлер ұйымының кеңейтілген отырысында Орал қалалық әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт» бөлімі мен Орал қаласының «Ардагер үйымы» қоғамдық бірлестігі арасында Меморандумға қол қойылды.

2025 жылдың 18 сәуірінде өткен «дөңгелек үстелде» ардагерлер ұйымының кеңейтілген отырысында Орал қалалық әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт» бөлімі мен Орал қаласының «Ардагер үйымы» қоғамдық бірлестігі арасында ардагерлер арасында бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ спорт кешендерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған Меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда қалада спорт кең өріс алуда және осы Меморандум аясында қолданыстағы спорт залдарының әлеуетін тиімді пайдалана отырып, ардагерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Меморандум аясында Орал қаласында бұқаралық спортты дамытуда тағы бір маңызды қадам жасалды деп есептейміз. Кеңес жұмысы барысында «Мұз сарайының» спорт кешенін, «Жайық Арена» спорт стадионы және «Орал» спорт кешенін аралап, спортшы жас өспірімдердің жаттығулары тамашаланды. «Орал» спорт клубында болған шарада қалалық спорт бөлім басшысы Исанов Армат Амангелді ұлына Орал қалалық ардагерлер атынан Мынатаубик Әнесов рақметін айтып «Алғыс хат» табыс етті, ардагер абыз Ақназар Карибаев қала әкімдігінің бөлім басшысы Исановқа және еңбек ұжымына табыстар тілеп, батасын берді. Дөңгелек үстелдің спикерлері болған; М.Т. Әнесов. «Ардагер үйымы» қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исанов А.А.қала әкімдігінің бөлім басшысы, Чупрова В.А. ардагер ұйымының президиум мүшесі. Кеңес жұмысы барысында алдағы бірлескен жұмыстардың жоспарлары талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены