Жаңалықтар
2025 жылы жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» бойынша жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған қаладағы студенттермен және мектеп оқушыларымен кездесулер өтіп жатыр. Батыс Қазақстан облысында жұмысшы мамандарын дайындайтын 20 колледж жұмыс істеп келеді. Олар заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылған оқу орындары, бұл студенттерге сапалы дайындық пен практикалық дағдыларды беруге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 25 ақпаны күні қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Т. Әнесов бастаған топ Орал қаласының индустриалды колледжінде болды. «Мұнда 470 студент білім алуда, колледжде токарь, дәнекерлеуші, электрик, байланысшылар даярланады, автоэлектриктерді дайындау жоспарда бар»- деп әңгімеледі ардагерлерге колледж директоры Мұхамбетқалиев Серік. Өз кезегінде колледж қонақтары М.Т.Әнесов, жұмысшы мамандығының өкілі С.Шоқанов мамандықтардың қоғамымыздағы беделіне тоқталып, болашақ мамандық таңдауда жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы туралы әңгіме жүргізді. Бүгінде қала мен облыстың еңбек нарығында механизатор, инженер, электрик, токарь, құрылысшы, дәнекерлеуші сынды мамандықтар қажет. 2025 жылдың 20 ақпан күні бір топ кеңес мүшелері еңбек ардагері Ұ. Хайрушевамен кездесу өткізді. Бұл кездесу қалада және Ақжайық ауданының орталыіында өтті. «Біз осындай еңбек адамдарымен мақтанамыз. Бұл кездесулер бір ауылдың ғана емес, бүкіл елдің тарихына, оның тағдырына тағзым. Айта кетерлігі, мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіне тигізетін әсері өте зор» - деп қорытындылады кездесуді М.Әнесов.