БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

Орал қалалық ардагерлер кеңесінің пленумы 2025 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылап өз жұмысын қорытындылады Қала «Ардагер ұйымы» ҚБ-ң пленум мүшелері қала әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп әзірлеген іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысты.

Күн тәртібіндегі басты тақырып ардагерлер ұйымдарының бастауыш ардагерлер ұйымдарын, және белсенділерін Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге жұмылдыру жөніндегі жұмысы болды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Т. Әнесов атап өткендей, пленумда талқылауға қойылған мәселелер маңызды және өзекті. Оның айтуынша, бүгінде ардагерлердің әлеуеті зор, қаланың қоғамдық ұйымы бүгінде 35300 адамды қамтитын бастауыш ардагерлер ұйымдарымен ұсынылған, бұл зейнеткерлердің жалпы санының 69% пайызын құрайды, жергілікті (бастауыш) ұйымдардың саны 183 адамды, ұжымдар мен оқу орындарындағы бастауыш ұйымдардың саны 179 адамды құрап отыр, оларда 30351 адам бар. Бүгінгі таңда барлық бастауыш ұйымдарға аудит жүргізіп, олармен жұмыс істеу нысандарын жаңартуымыз қажет, орыны босаған, жаңадан сайланған төрағаларды ішкі құжаттармен жұмыстарды жүргізуге оқытып- үйрету қажет – деді төраға. 2025 жылға арналған жалпы жоспар бойынша 1941-1945 жылдардағы ҰОС жеңісінің 80 жылдығына орай акциялар мен іс-шаралар жоспарланған, олар "Ұлы Жеңіс: ерікке тағзым, ұрпаққа үлесі" ұранымен өтеді, мәдени-бұқаралық және спорттық, ғылыми-танымдық, әскери-патриоттық, ақпараттық-имидждік және басқа да ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстарды қамтиды. Азаматтарды, әсіресе жас ұрпақты патриоттық, еңбек және адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жұмыстар басталып кетті, "Таза қала" экологиялық акциясы жалғастыруға үндеу қабылданды, пленум барысында жұмысшы мамандықтар жылын насихаттау бойынша жұмыстар да ескерілгені айтылды. Ардагерлер ұйымдарының төрағалары Хайретдинов Л.Р., Х.Сабиров, Кәрібаев А., Надиргалиев Қ. өз ұйымдарының тәжірибелерімен бөлісті. Кәрібаев А. теміржолшылар бастауыш ұйымының базасында ардагерлер төрағаларының семинарын өткізу туралы ұсыныс жасады, оның ұсынысын төралқа мүшелері қолдады, Сондай-ақ, ҰОС мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету жөніндегі "Birgemiz gamgor" республикалық жобаларына, "Ардағым ардагерім" акциясына қосылу ұсыныстары енгізілді, бұл жобалар жастарды ҰОС және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетуге және мәдени мұраны сақтауға тәрбиелеуге бағытталған. Үкімет жоспары бойынша сәуір-мамыр айларында өтетін "Жеңіс лентасы" патриоттық акциясы ардагер ұйымдарының қатысуымен жоспарланған (Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында таспаны тарату). Барлық пленумда сөз алғандар жастарды патриоттық тәрбиелеуге, тарихи жадыны сақтау, аға буын мен ҰОС қатысушыларын әлеуметтік қолдау бойынша жалпы ардагерлер ұйымдарының жұмысын жалғастыру қажет екенін атап өтті. Отырыс соңында ардагерлерді марапаттау рәсімі өтті, қалалық кеңестің төрағасы Әнесов М.Т. творчестволық ардагерлер бірлестігінің белсенділеріне қала әкімі Б.М. Байменов қол қойған Құрмет грамоталарын табыс етті. Пленум кеңестің 2024 жылғы жұмысына оң баға берді және активті жұмыс әдістерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруға шақырды. (Қосымша: Қоғамдық бірлестік жұмысының қорытындысы мен жұмыс жоспары тіркелген).

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены