БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

"Мария Ханым" сән үйі ұжымында бастауыш ардагерлер ұйымы құрылды

2025 жылдың 7 ақпанында «Мария Ханым» сән үйінде салон қызметкерлерінің жиналысы өтті, оның негізгі мақсаты осы кәсіпорыннан зейнеткерлікке шыққан ардагерлерге көбірек көңіл бөлу, оларды қаланың әлеуметтік және мәдени өміріне қатыстыру, сондай-ақ жұмыс істейтін жастарға көмектесіп тәжірибесін тарату мақсатында осы кәсіпорынның негізінде бастауыш ардагерлер ұйымын құру болды.Кәсіпорын басшысы Мария Раипқызы Хуспанованы облысымыздағы тұңғыш кәсіпкер, шебер сәнгер ретінде қалалықтар таниды, сонымен қатар облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі зор. «Мария ханым» салонында көп жылдық тәжірибесі бар, қажетті электронды тігін машиналарымен, сондай-ақ компьютерлік кесте тігу машиналарымен жабдықталған шебер тігіншілер жұмыс істейді. «Мария ханым» салоны сән саласындағы барлық қалалық шаралардың белсенді қатысушысы. 2000-ы жылдардың басында салон директоры Мария Раипқызы Хуспанова «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауында «Кәсіпкерліктің әдемі жартысы» номинациясы бойынша шағын бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін облыста 1-ші орынды иеленді және «Батыс Қазақстан облысының ең үздік өнімі» облыстық байқауының жеңімпазы, «Батыс Қазақстан облысының ең үздік тауары» номинациясының иегері болды. «Салон Мария» – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығаруға мемлекеттік лицензия алған республикадағы екінші кәсіпорын. Қазір «Салон Мария» ЖШС базасында салонның дәстүрін, шығармашылық мұрасын, идеясы мен мақсатын жалғастырып келе жатқан «Мария-Ханым» ЖК еншілес кәсіпорны ұйымдастырылды. Жиында жиналғандар бірауыздан ардагерлер ұйымын құрып, «Ардагер үйымы» қалалық ардагерлер кеңесіне тіркелу туралы шешім қабылдады. Төраға болып М.Р.Хуспанова сайланды. Кездесуге Мынытаубик Тауфикұлы Әнесов қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысып, сөз сөйледі, сонымен қатар төрағаның орынбасары О.А.Исаева, президиум мүшесі Бикимова Х.Б. қатысты.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены