БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

2025 жылдың 5 ақпанында Достық үйінде "Ағайын" қазақ ұлттық мәдени қоғамдық бірлестігі мен "Мейірім құшағы" ұйымының ұйымдастыруымен "Адал еңбек - терең ой» тақырыбындағы спикерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Бұл шараға Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әнесов қатысып «Еңбек адамы жылы» тақырыбында сөз сөйледі. Шара жұмысшы мамандықтар жылы аясына орай ұйымдастырылып, еңбекқорлықты, адал еңбек пен терең ойды дәріптеу, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін арттыру және жастарды оған ынталандыру болды. Басты спикерлері Сағынов Нұрболат Тілекқабылұлы (ЖШС "Аксункар" күзет қызметінің жетекшісі), Нығметов Талғат Рахымұлы (еңбек ардагері), Шоханов Саниахмет (автокөлікші, еңбек ардагері) болды. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру үшін қандай шаралар қабылданады? Жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту жолында қандай ынталандырулар бар т.б. сұрақтар талқыланды. Егер де еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін адал жұмыс атқарар болсақ, еңбектің наны тәтті болары сөзсіз. Ал, адал жұмысшылардың мерейі ар алдында да, заң алдында да әрқашан биік тұрады,- дейді шараға қатысқандар. Шараға Республикалық жоғарғы техникалық колледж студенттері, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледж студенттері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен БАҚ өкілдері, жалпы 70 адам қатысты.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены