БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

24.01.2025жылы Орал қаласы "Достық үйінде "Кеңесші"Батыс Қазақстан облысы спорт ардагерлері қоғамдық бірлестігінің, бiр жылдық қорытынды жиыны өтті.

ұл шараға жаңадан тағайындалған Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Бақдаулет Маратұлы Сабитов қатынасты. Шараға қатынасушы спорт ардагерлері мен облыстағы спорт қызметкерлері, спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Б. Б. Бекмұратовтың жылдық қорытынды есебін тыңдап,талқылауға қатынасып, облысымызда спортты дамытуға өз ой пiкiрлерлерiн ортаға салса, облыстық спорт басшысы, әр сұраққа байланысты өз ойын білдіріп, өте жақсы диалог негізінде шараның өтуіне үлесін қосып отырды. Басқарма басшысы Бақдаулет Маратұлы, бұл қоғамдық бірлестіктің жалпы Қазақстан бойынша тұңғыш құрылғанын және жыл iшiнде облысымызда спортты дамытуға, жақсы үлес қосқанына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар облысымыздағы спорт ардагерлері қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасарлары, Серік Нұрғалиев пен Бауыржан Бегайдаровтың қосымша баяндамаларыда қатынасушылардың көңілінен шықты. Спорт ардагері Мынатаубиік Әнесов жиынға қатынасушыларға ризашылығын білдіре отырып, "Кеңесші" Батыс Қазақстан облысы спорт ардагерлері қоғамдық бірлестігінің Жарғысы мен бағдарламасына сәйкес, ардагерлердiң қалай мүше бола алатынын түсіндіре отырып, алдағы уақытта облысымызда спортты дамытуға Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының қолдауымен өздерінің үлестерін қосатындарына сенімін білдірді.Жиын барысы "Ақжайық саңлақтары" видео фильмімен басталып, облысымыздағы,Құрметті Ардагерлерді марапаттауымен өте жоғары деңгейде ұйымдастыруымен өткеніне және қатынасушылардың көңілдерiнен шыққанына куә болдық.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены