Жаңалықтар
2025 жылдың 23 қаңтарында «Ардагер ұйымы» ҚБ қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Т. Анесовтың төрағалығымен аудандардың «жерлес» бірлестіктерінің бастауыш ұйымдарының төрағаларымен кеңес отырысы өткізілді. Отырысқа Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Сырым, Бәйтерек, Шыңғырлау, Қаратөбе, Бөкейорда, Қазталов аудандарының төрағалары қатысты. Жанібек, Тасқала және Теректі аудандарының төрағалары басшылық ауысқандықтан қатыса алмады. Кеңесте қалалық ардагерлер кеңесі мен «жерлес» бірлестіктерінің жастарды патриоттық тәрбиелеудегі өзара іс-қимылының мәселелері талқыланды, 2024 жылғы «жерлес» бірлестіктерінің жұмысының қорытындысы шығарылды,жыл ішінде 4 ардагер ұйымдарының есебі тыңдалды, 2025 жылға арналған міндеттер қойылды, қатысушыларға қоғамдық өмірге белсенді қатысқандары үшін алғыс айтылды. Қалалық ардагер кеңесі төрағасының орынбасары, «жерлес» бірлестіктері мен қалалық әкімдіктердің бастауыш ұйымдарының төрағасы Сағынаев Жанат Қайырмановичтің баяндамасы тыңдалды. Өз сөзінде ол ардагер ұйымдары жастарды тәрбиелеудегі, әлеуметтік-құқықтық, мәдени және спорттық жұмыстарға қатысудағы белгілі бір жетістіктерін атап өтті. Дегенмен, бастауыш ұйымдардың жұмысында кемшіліктер де бар. Ең басты кемшілік – қағаз жүзіндегі жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі, ал кейбір ұйымдарда мүлде жоқтығы. Қағаз жүзіндегі жұмыс – бұл бір ұйым ішіндегі және әртүрлі коммуникация қатысушылары арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін қажетті жұмыс. Бұл процесс құжаттаманы жасау, жүргізу, пайдалану, бақылау, уақытылы жаңарту және сақтауды қамтитын көп сатылы процесс болып табылады. Кейбір ұйымдарда протоколдар,болашақ кезеңге арналған жұмыс жоспарлары жоқ, 2025 жылы ардагер ұйымдардың алдында орындалуға тиіс үлкен міндеттер тұр, оларды орындау біздің жұмысымыздың маңыздылығын және тәжірибеміздің жоғары екенін көрсетеді. Орал қалалық филиалы «Ардагер ұйымы» ҚБ туралы Ережеге сәйкес зейнеткерлерді ветерандық ұйымдар қатарына өздерінің өтініші бойынша қабылдау қажет. Көптеген бастауыш ұйымдар бір жыл ішінде осы жұмысты көрсете алмады. Жиын қорытындысы бойынша жекелеген «жерлес» бірлестіктерінің төрағаларына нұсқау беріліп, өз қатарындағы тәртіпті күшейту қажеттілігі айтылды.