Жаңалықтар
Бөкейордасының құрметті азаматы Спандияров Мұқас аға 85 жасқа толып, соның құттықтауына қала ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубик Әнесов қатысып Алғыс хат табыстап иығына шапан жапты. Мұқас ағамызды құттықтауға бастап барған «Бөкейорда» жерлестігінің төрағасы Сабыров Хайролла бөкейордалық азаматтар атынан 12 өрме тобылғы сапты қамшы сыйлап, Алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы ардагерлер ҚБ-ң төрағасы Хайретдинов Лавр Рашидұлы мерейтойшыны құттықтап марапат көрсетті. Ауыртпалығы мен жақсылығы қатар жүретін өмір өрісінде Мұқас ағамыз абыроймен қызмет етіп, бала, немерелін ұяда түлетіп, қияға самғатып, білімді де мәдениетті азаматтар етіп қатарға қосқанын атап өтті. 85 жасыңыз құтты болсын, Мұқас аға!