Жаңалықтар
Ардагерлер кеңесі төралқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы бірінші отырысында екі мәселе қаралды: 1. Қалалық ардагерлер кеңесінің және қала әкімдігінің бөлімделерінің 2025 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын дайындау туралы. Баяндамашы Әнесов М.Т – ардагерлер кеңесінің төрағасы 2. «Қалалық ардагерлер кеңесінің қала тұрғындарына Үндеуінің» жобасы. Баяндамашы Абилаева Р.Л.- ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары. Төралқа отырысына қатысып, сөз сөйлегендер: Орал қаласы әкімінің орынбасары Тапишев А.Н, бөлім басшылары А.Н.Темірханова, А.Е.Исанов, Ғиниятов А,Е., Жусупкалиев Д. -қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы. Әкімдіктің бөлім басшылары кеңестің қарауына ардагерлер ұйымдарымен жұмыс жоспарларын ұсынып, бірлескен іс-қимылдың көптеген мәселелері бойынша бірқатар нәтижелі ұсыныстар айтылды. Екінші мәселе бойынша қалалық ардагерлер кеңесінің қала тұрғындарына Үндеу жобасы енгізілді. Аға буын, зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері жастарға қоршаған ортаға құрметпен қарау құндылықтарын дарыта отырып, «Таза Қазақстан – Таза Аймақ» жалпыұлттық акциясын қолдауға және 2025 жылы табиғатты қорғау акциясын жалғастыруға бастама көтерді. Үндеу қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшелері тарапынан қолдау тауып, кейіннен баспасөзде және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.