БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

Қала ардагерлері 2024 жылды қорытындылады

2024 жылғы 20 желтоқсанда қалалық ардагерлер кеңесінің пленумы өтіп, онда «Орал қаласындағы ардагерлерге медициналық қызмет көрсетудің сапасы туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша кеңесте Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мақсұтқызы Әбдірахманова сөз сөйледі. Пленумға дайындық барысында президиум мүшелері О.А.Исаева, Ж.Қ.Сағынаев, Р.Л.Абилаева, Х.Б.Бикимова, Қ.Надырғалиев, С.Қ.Құспанов аға ұрпаққа қызмет көрсететін медициналық мәселелер бойынша алты қалалық емхананы аралап қайтты, қала зейнеткерлеріне қандай көмек көрсетілуде және геронтологиялық кабинеттер жұмысы қаралды. Аталған мәселе бойынша президиум мүшелерінің жүргізген жұмысының нәтижелері туралы ақпаратпен Р.Абилаева таныстырды. Жалпы геронтологтар, психологтар, емханалардағы әлеуметтік қызметкерлер қажетті консультативтік-диагностикалық көмек көрсететінін, оңалту шаралары жүргізілуде екенін және емханалардың әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету профилактикалық бөлімдері ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырғанын айтты, сонымен қатар емхана қызметкерлеріне сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсеткені үшін ардагерлер атынан алғысын білдірді. Пленум отырысында «Ауыл» ҚБ БҚО бойынша облыстық филиалының төрағасы Ескендіров Темірғали Қаратайұлы сөз сөйлеп ардагерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, партияның жаңа бағдарламасымен таныстырып, «Ауыл» ҚБ партиясы төрағасы С.Р.Егізбаевтың алғысын жеткізді және қала ардагерлеріне Қазақстанның игілігіне бірлесіп атқарған еңбектері мен көрсеткен қолдаулары үшін өз алғысын білдірді. Кездесу соңында Т.Ескендировке қала ардагерлеріне қамқорлық көрсеткені үшін Орал қалалық ардагерлер атынан М.Әнесов рақметін айтып «Алғыс хат» табыс етті, ардагер абыз Сабиров Хайролла Темірғали Қаратайұлына басқарып отырған Ауыл партиясының филиалы мен еңбек ұжымына табыстар тілеп, батасын берді. Қалалық ардагерлер кеңесі 2024 жылғы қызметін қорытындылап, пленумның қаулысын қабылданды.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены