Жаңалықтар
Виртуалды әлемді «үйренуге» ұмтылған аға буын өкілдері өмірде сенімдірек болады. Шынында да, ұялы байланыс егде жастағы адамдардың өміріне көмектеседі және қажетті ақпаратты табуды жеңілдетеді. 2024 жылдың 10-11 желтоқсанында қалалық ардагерлер кеңесі мен «Интеграл» қоғамдық ұйымымен бірлесіп өткізген қысқа мерзімді компьютерлік және мобильді сауат ашу курстарына қатысушылар бұған көз жеткізді. Қалалық «Ардагер ұйымы» ҚБ ардагерлер кеңесі «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және ардагерлер ұйымдарын дамыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында екінші жыл Жастар қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыста және тұрақты түрде әлеуметтік желілердегі ардагерлер ұйымының қызметі қамтылып келеді. 70 жастан асқан 15 адам сауат ашуға қатысуға тілек білдірді, ардагерлердің бұл қимылы үлкен құрметке ие, өйткені жастарға қарағанда бұл көптеген ардагерлерге қиынырақ болатын, бірақ, тәжірибелі жоба жетекшісі Аида Мектепқалиева мен Самат Рахымғалиев көптеген кедергілерді жеңуге көмектесті. Зейнеткерлер EGOV мемлекеттік қызметтерін пайдалану, DAMUMED қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ емханаға тіркелу, сондай-ақ 2GIS пайдалану бойынша сабақ барысында ең пайдалы дағдыларды үйретті. Ең бастысы, ақпараттық қауіпсіздік және кибералаяқтардан қалай қорғану керектігі туралы көп мәлімет алынды. Қатысқан зейнеткерлер қалалық ардагерлер кеңесіне және оқу бағдарламасын ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдіріп, келесі жылы оқуларын жалғастыруға ниет білдірді.