Жаңалықтар
2024 жылдың 1 қазанда Халықаралық қарттар күні аудан орталықтары мен Орал қаласында кең көлемде аталып өтті. Бұл күні қарт адамдар үшін концерттік бағдарламалар, еңбек ұжымдарында кездесулер, «ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Салтанатты қабылдауды Орал қаласының әкімі Мұрат Болатұлы Бәйменов өткізді, әкім қаланың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне белсене араласатын ардагерлермен кездесті. Кездесуге қатысқан ҰОС ардагері Скаленко В.П. мен еңбек ардагері Жайсан Ақбай аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі мен даналығы баға жетпес екенін, олардың көптеген жетістіктері жастарға лайықты үлгі екенін атап өтті. Қазақ отбасында бала кезінен қалыптасқан үлкенге, ата-анаға деген ізеттілік ұрпақтар арасындағы байланысты, салт-дәстүр сабақтастығын сақтауға септігін тигізеді. Бірақ, ең бастысы - балалар мен немерелердің, туыстарымыз бен достарымыздың назары, сүйіспеншілігі мен қамқорлығы- деді ардагерлер. Осы күні Орал қаласының «Ағалар әуені» шығармашылық ұжымы айлық аясында іс-шаралар ұйымдастырып, Ақжайық ауданында болып, мерекелік шараларда концерт қойып, Чапаев және Тайпақ ардагерлері мен тұрғындарын мерекемен құттықтады. Екі ауылдың ардагерлері Әнуар Таумов пен қалалық «жерлестер» ардагерлер ұйымының жетекшісі Сағынаев Жанат Қайырманұлы бастаған «Ағалар әуені» шығармашылық ұжымын жылы қабылдап, ерекше ілтипат көрсетті. Аға ұрпақтың жүрегіне жақын туындыларды орындаған топтың өнерлері концерттерде ерекше көзге түсті. Қарттар күніне орай басталған айлық аясында Чапаев және Тайпақ мәдениет үйлерінде өткен мерекелік шараларда аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, аудан әкімі Сердалин Мұрат пен оның орынбасары З.Мәжитованың құттықтаулары, аудан ардагерлерін естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттады. Ақжайық аудан орталығында өткен «Қарттар күнінде» қалалық ардагерлер ұйымдары мен аудандардағы «қоғамдық қауымдастықтар» жұмысының сабақтастығы және екі арадағы байланысты нығайту тақырыбы өрбіді. Белсенді өмір салтында жас шектеулері жоқ және қарт адамдарды қоғамның әлеуметтік-мәдени өміріне тарту жұмыстары ардагерлер ұйымдарының басты міндеті болып табылады.