Жаңалықтар
"Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру" институтында профессор Николай Константинович Коломоецтің 80 жасқа толуына орай салтанатты отырыс өтті. Салтанатты жиын барысында Орал қалалық Ардагер ұйымы ҚБ президиум мұшесі ,спорт ардагері Бақтияр Құсайынұлы және Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі мен спорт ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Нұрғалиев Орал қаласының әкімі М. Байменовтің атынан құттықтау хатын табыстап, мерей той иесінің иығына шапан жапты. Ардагерлер сөз сөйлеп, Н.К. Коломоецтің білім мен ғылымға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті. Олар профессордың ұзақ жылдар бойы білім мен спортқа деген адалдығы мен еңбекқорлығын жоғары бағалап, өз құттықтауларын жеткізді. Н.К. Коломоец өзінің білімге деген құштарлығы және шәкірттеріне деген қамқорлығы арқылы көптеген жандарға үлгі болып келеді. Туған күн иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен табыс тілейміз!