БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

«Спорт – денсаулық кепілі»

Осындай ұранмен 63 жастан асқан еңбек ардагерлері арасында жыл сайын спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. 2024 жылы «Спорт күні» қарсаңында төртінші облыстық спартакиада өтті. Ол Қазақстан Республикасының бұқаралық спортты дамыту және салауатты қоғамды қалыптастыру саясатын іске асыру, ардагерлерді спортпен шұғылдануға ынталандыру және салауатты өмір салтын насихаттау аясында облыстық және қалалық спорт басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылып тұрады. Ардагерлер арасындағы бұл спартакиадаға жыл сайын 12 аудан мен Орал қаласынан 150-ден астам адам қатысады. Жарыстар спорттың 5 түрінен: шахмат, дойбы, тоғыз-құмалақ, волейбол, үстел теннисі бойынша өтеді. Бұл тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар зейнет жастағы адамдардың араласуына мүмкіндік тудырады. Бүгінгі таңда «Ардагер үйымы» ҚБ - гі 900-ден астам еңбек және тыл ардагерлерін түрлі спорттық жарыстарға, тіпті суда жүзуге де белсенді қатысуға шақырды. Спорттық іс-шараларға бару және қатысу тегін, спорттық шараларды қамту ауқымы кең. Орал қаласында спортпен шұғылдану үшін ардагерлер қаланың орталығында және Зачаганск, Деркөл кенттік округтерінде орналасқан алты спорт кешенінде заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған тегін қызмет көрсетуге мүмкіндік алуда. 2024 жылдың 15 тамызында «Спорт күні» қарсаңында спорттың дамуына үлесін қосқан шеберлер, көптеген спорт түрлерінің өкілдерімен кездесу өтті. Қалалық әкімдіктің спорт бөлімі мен қалалық ардагерлер кеңесінің президиумының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне, оралдіқ спортшылардың өткен және кәзіргі жетістіктері туралы болды. Жиынға қалалық әкімдіктің қалалық спорт бөлімінің басшысы Исанов А., президиум мүшелері Абилаева Р.Л., Исаева О.А., Чупрова В.А. қатысты.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены