Жаңалықтар
«Ардагер үйымы» ҚБ Орал қаласының ардагерлер кеңесі Михаил Тихоновичті отбасы, әріптестері мен достары ортасында құттықтап, мерейтойын атап өтті. Ардагер теміржолшыларды «саланың алтын қоры» деп атайды. Солардың бірі жерлесіміз, Орал қаласының құрметті азаматы, Қазақ КСР-нің Құрметті теміржолшысы, ардагер Надточий Михаил Тихонович. Оның еңбек тәжірибесі мен білімі өндіріске қашанда қажет болды және қажет болып келеді бүгінде жастар одан ақыл-кеңес сұрайды. Бұрынғы жинақталған құндылықтарды сақтамай және байытпай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан Михаил Тихонович Надточий зейнетке шыққаннан кейін 1994 жылы құрылған теміржол мұражайын толықтыру және насихаттау жұмысын жалғастырып келеді. 30 жыл бойы ерікті түрде экскурсиялар жүргізіп, дәрістер оқиды. Ол ұзындығы 120 шақырымды құрайтын алты. ең көне Шипово, Семиглавый Мар және т.б. станциялардан тұратын Қазақстандағы тұңғыш Жайық теміржол тармағының қалыптасу тарихы туралы бар ынтасымен әңгімелейді. Жол Шаған өзеннің оң жағалауында аяқталатын. сондықтан пойыздардың өзеннен өтуі үшін ағаш көпір салынды. Бұл кезде Котельников екі шебер ұлының күшімен шойын көпір құрылысын жүргізіп жатқан. Әлемде мұндай көпірлер санаулы ғана, бұл көпір теміржол көпірі болғандықтан, қазір мемлекеттің қорғауына алынған. Надточий атамыздың есте сақтау қабілеті мықты, дикциясы жақсы және материалды қызықты етіп жеткізе алады. Ғасыр замандасы Надточий М.Т. заман ағымына ілесіп, жастар арасында көптеген патриоттық жұмыстар жүргізіп, мұражайға келушілерге қазақ мемлекеттілігінің бастауы, Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толуы туралы өте қызықты әңгімелейді. Мерейтойын атап өтуге Ақтөбе темір жол бөлімшесінен әріптестері құттықтады. Орал темір жол бөлімі атынан Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай компанияға сіңірген ерекше еңбегі үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ төсбелгісімен марапатталды. Қалалық ардагерлер кеңесі ардагерге қала әкімінің Алғыс хатын, бағалы сыйлық пен денсаулық пен бақ-береке тілеп гүл шоқтарын табыс етті.