Жаңалықтар
2024 жылдың 15 тамызында «Спорт күні» мерекесі қарсаңында спорттың дамуына үлесін қосқан шеберлер арасында кездесу өтті. Орал қаласының әкімі м.а. Дүйсенғалиев Жандос Асхатұлы қаламызда және облысымызда кеңінен дамып келе жатқан көптеген спорт түрлерінің өкілдерімен кездесуінде барша спортшыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жиналғандардың көпшілігі үшін спорт жай жұмыс емес, өмірдің шынайы мәніне айналғанын атап өтті. Кездесу еркін форматта өтті, он шақты ардагер спортшылар жайылған дастархан басында тілдесті. Әңгіме тақырыптары бұқаралық спортты дамыту мәселелері, оралдық спортшылардың, футболшылардың, хоккейшілердің, боксшылардың өткен және қазіргі жетістіктері туралы болды. Кездесудің құрметті қонақ ретінде дзюдодан, велоспорттан және жүзуден, ескек есуден белгілі еңбек сіңірген спорт шеберлері, жаттықтырушылар, өңірдегі спортты дамыту жөніндегі ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Әріптестерін құттықтауға ниет білдіргендер көп болды, Оспанов, Тілешов, Ставкин, Салов, Ысқақов, Мельников, Пирский және басқалары жылы лебіздерін білдірді. Қала әкімінің м.а. Дүйсенғалиев Ж. жиналғандарға қала алдындағы спортпен дене шынықтыруға қосқан еңбектері үшін, жас спортшылардың өскелең ұрпағын өздерінің жеке үлгілерімен тәрбиелеп жатқандары үшін алғыс айтып, спорт ардагерлеріне денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбастарына амандық, бақ-береке тіледі.