БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

10 тамыз – қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушысы, ойшыл ақыны, ұстаз ағартушысы, ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Абай – дала философы. Абай шығармашылығы – әлемдік туындылар қатарынан орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абайдың шығармашылық мұрасын бүкіл әлем мойындады. Оның шығармалары көптеген тілге аударылды. Ұлы қазақ ақынының мұрасы – әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, ал оның есімі барлық халықтың ұлы ақындарымен бір қатарда тұр. Бүгінде кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігі мен даму деңгейі оның әлем мәдениеті мен өркениетіне қосқан үлесі және адамзатқа сыйлаған ардақты тұлғаларымен өлшенеді. Абай – осы тұрғыдан алғанда адамзат ақыл-ойының асқар шыңына айналған қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай күні құтты болсын!

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены