Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан, өңірімізгекеңінен танымал қоғам қайраткері, ғылым кандидаты, Жанақала, Тасқала аудандарының «Құрметті азаматы», «Қазақстан маслихаттары құрметті депутат» белгісінің, «Құрмет» орденінің иегері Сапаров Табылғали Сатқалиұлының мерейлі 70 жасқа толуына орай 2024 жылдың 7 тамызында құттықтау шарасы өтті. Қалалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасарлары Абилаева Рауза Лұқпанқызы және Сағынаев Жанат Қайырмаұлы құттықтау рәсіміне қатысып, қала әкімдігі атынан және ардагерлер атынан алғыс хатын, гүл шоқтарын табыс етті. Сол шараға қатысқан облыс «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Берген Мақсот Қабышұлы мерейтой иесінің төсіне БҚО «Құрметті ардагері» белгісн тақты. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, аудандардың бірінші басшылары қатысты.