Жаңалықтар
25 шілде күні Орал қалалық әкімдігімен қалалық ардагерлер кеңесі Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған жұмыс тобының отырысын өткізді. Жұмыс тобына төрағалық еткен Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Анесов. Жұмыс тобының мақсаты Халқымыздың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне мән беру, дін мен дәстүрдің аражігін ажырата білу. Жиынға Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Ғиниятов, Орал қаласының Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Е.Хайруллиев, Орал қаласының Тәжиден Батырұлы мешітінің ұстазы Р.Акимов, Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог мамандары Н.Убаев, А.Наурызов және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатынасты. Жиын барысында жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани тұрғыда байыту, салт-дәстүр мен дәстүрлі емес бағыттағы ағымдардан сақтандыру бойынша сұрақтар талқыланды.