БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

Орал қаласындағы «Жерлестік бастауыш ардагерлер ұйымдарының» міндеттері. «Бөкейорда» Жерлестік бастауыш ардагерлер ұйымының жұмыс тәжірибесі туралы

Ардагерлерге белсенді азаматтық ұстанымын сақтауға өз кәсіпорындарының, мекемелерінің, еңбек және қоғамдық ұйымдарының іс-шараларға қатысуы үлкен септігін тигізеді. Бірақ бұл міндет зейнеткерлікке шыққанда қиынға соғады және ол әсіресе зейнеткер басқа тұрғылықты жерге, басқа қалаға немесе облысқа көшкен кезде көрінеді. Кезінде Орал қаласына он мыңнан астам зейнеткер- ауылдастар көшіп келгенде қаланың қоғамдық өміріне араласпағандай сезінетін кездер болған. Бұл мәселені шешуге, ардагерлерді біріктіру мақсатында облыстың 12 ауданының өкілдерінен «Жерлестік бастауыш ардагерлер ұйымдарының» құрылуы ықпал етті, бүгінгі таңда қалада 3 мыңнан астам кіретін адамды біріктіріп отырған қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Құрылған «Жерлестіктердің» басты міндеті – қаладағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ардагерлерге түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуде қажетті көмек көрсету, сонымен қатар олардың азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыс жасау болды. Осы сұрақтардың барлығы Орал қаласының «Бөкейорда» Жерлестік қоғамдық бірлестігінің ардагерлер ұйымына тән. Ұйым төрағасы Сабиров Хайрулла 2023 жылдың ортасынан бастап бастауыш ардагерлер ұйымын басқарады. Бөкейорда ауданына қарасты әр ауылдық округтен бір-бір өкіл сайланып, өңірден келген зейнеткерлердің басын қосып, «Жерлестік» БАҰ алқа мүшесі болды. Жиналыс алқасы 13 адамнан тұрады. Тәжірибе көрсеткендей, ардагерлер ұйымының бұл құрылымы қазір өзін толық ақтады. Ардагерлер ұйымы 2023 жылғы 4 шілдеде басқарманың жалпы отырысында бекітілген 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеп келеді. Есепті жыл ішінде үш жалпы жиналыс, бес төралқа отырысы өткізіліп, түрлі жиындар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. «БАҰ » Бөкейорда ауданы әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс істейді, 2023 жылдың тамыз айында аудан әкімі Н.Дауымовтың қатысуымен өткен жиындарда өңірге қатысты көптеген түйткілді мәселелер шешімін тапты. Аудан басшылығымен бірлесе отырып, бар әлеуметтік мәселелерді шешу, соғыс ардагерлеріне, қарттар үйіндегі жалғызілікті зейнеткерлерге көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдануда. БҚО-ның ең шалғай батысында орналасқан Бөкейорда ауданының ерекшелігін, қалаға қоныс аударған ардагерлердің тұрмыс-тіршілігін біле отырып, «Жерлестік БАҰ» ардагерлерге қажетті көмек көрсету жөнінде дер кезінде шешім қабылдауда. Ардагерлер ұйымы жалпы жиналыстарда және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесулерде туған жердің мәселелеріне қатысты өзекті мәселелерді үнемі көтеріп келеді. Осылайша, ардагерлер, және қоғам белсенділері 2024 жылы облыста болған су тасқыны кезінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерімен кездесу өткізуге бастамашы болды. олар Нарын даласындағы экологиялық жағдайды Семей полигонының жағдайларымен теңестіру туралы өз ұсыныстарын және өтініші бар хатын ұсынды. Сондай-ақ, 2023 жылы ардагерлер ұйымы облыс басшылығы мен облыстық білім беру ұйымына хат жолдап, Бөкейорда ауданындағы шекаралық аймақтағы екі орта мектепті жабуға жол берілмейтінін алға тартты. Атырауда өтетін ІІІ Ұлттық Құрылтайға қатысушы облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Б.Ғұбайдуллинмен кездесуде оған 1952 жылы жер ауғандарға «қазақ депортациясы статусын» беру туралы ұсыныстар түсірілді. «Жерлестік БАҰ » облыстық және қалалық ардагерлер кеңесімен, облыс пен қаланың әлеуметтік және қоғамдық ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста. Азаматтарды, әсіресе өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары белсенді жүргізіліп, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық университеті мен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан студенттермен жыл сайын кездесулер өткізіліп тұрады. Ардагерлер мен зейнеткерлерді белсенді ұзақ өмір сүру орталығының топтарына тарта отырып, көркемөнерпаздар өнерін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және мәдени жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта « Орда Жерлестік» ұйымы әлеуметтік желілерді онлайн режимде ардагерлермен сөйлесу және ардагерлерді мерейтойларымен құттықтау үшін жиі пайдаланады. Еріктілер қозғалысы жаңа бағыт алды, бұл әсіресе 2024 жылдың көктеміндегі су тасқыны кезінде айқын көрінді, ауданнан 84 еріктілер бір ай бойы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға материалдық және гуманитарлық көмек көрсетті. Су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін « Орда Жерлестік » ұйымдағы 7 ардагерден тұратын комиссия құрылып оны қоғамдық бірлестік төрағасы Сабиров Хайрулла басқарды. Облыстық Қоғамдық штабтың мүшесі ретінде Сабиров Хайрулла «Қазақстан Орал» телеарнасында жиі шақырылып, зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы хабардар етті, біржолғы төлемді алу үшін құжаттарды тапсыру тәртібін және келтірілген шығынды есептеу жұмысының қағидаттарын түсіндірді. 2024 жылы «жерлестік» Батыс Қазақстан облысы мен Бөкейорда ауданының басшылығына Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл толуын атап өту туралы ұсыныс жасады. Сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Хұсайынов Ахмедиярдың 100 жылдық мерейтойын атап өту және Бөкейорда ауданынан шыққан белгілі тұлғалар және ауданның алғашқы басшылары Егізбаев Р., Насимуллин М., Ғайсин Қ., Б.Сапарғалиевтерді атап өтуіне ұсыныс жасады. «Бөкейорда Жерлестігінің» 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстың негізгі бағыты ардагерлер ұйымын ұйымдастырушылық тұрғыдан нығайту және ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары болып саналады. Бүгінгі күні БАҰ-да 36 ардагер бар. 2024 жылғы маусымда өткен қалалық ардагерлер кеңесінің пленумында «Бөкейорда Жерлестігінің» жұмысы тыңдалып, ұйым төрағасы Х.Сабировтың жұмысы ардагерлер ұйымдарына тәжірибе ретінде пайдалануға ұсынылды.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены