БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

2024 жылғы 26 маусымда Орал қаласындағы «Ардагерлер ұйымы» ҚБ-нің пленумы өтті.

Бірінші мәселе бойынша 2024 жылғы 11 маусымда өткен «Ардагерлер ұйымы» Республикалық ҚБ Орталық кеңесінің Пленумындағы «Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Адал адам- Адал еңбек-Адал табыс» идеясын ардагерлер ұйымында жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған іс-шараны» қала ардагерлер ұйымының төрағасы Әнесов Мынытаубик Тауфик ұлы ашты.Сонымен қатар, келер жылғы ҰОС 80 жылдығына орай ҚБ іс-шаралар жоспары туралы мәселелер қаралды. Қала ардагерлер ұйымының төрағасы Әнесов М.Т. Мемлекет басшысы айтқан «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» идеясының қағидаттарын жүзеге асырудағы ардагерлер ұйымының маңыздылығына тоқтала келе, қала ардагерлері алдағы уақытта да елдің мәдени және идеологиялық дамуына бағытталған жобалар, әлеуметтік маңызы бар шараларды жүзеге асыруда жұмыс істейтінін атап өтті. Бүгінде қала ардагерлері еңбек ұжымдарында, ұйымдар мен мекемелерде, оқу орындарында, сондай-ақ зейнеткерлердің тұрғылықты жұмыс істейтін жерінде183 бастауыш ардагерлер ұйымына біріктірілген. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылаған Мыңатаубік Тәуфикұлы қалалық ардагер ұйымының атқарған істері аз емес екенін атап өтті. Қаламызда жыл басынан бері «Ардагерлер үйымдары мен ұрпақтар сабақтастығына арналған шаралар» атты жобасы жүзеге асырылуда, ардагерлер кеңесі мен оның төралқасы ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында көптеген іс-шараларды жүзеге асырды. Қалалық ұстаз ардагерлер ұйымдарының төрағасы Г.М.Аймағамбетованың «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»: Ардагер ұстаздарға ілтипат» жастарға патриоттық тәрбие беру жөнінде және «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің БҚО филиалы Ардагерлер кеңесі» де (төрағасы С.Қ. Құсайынов) аға буын өкілдерімен біршама жұмыс жасауда тәжірибе жинақтаған айтылды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарына атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді. Әсіресе, ҰОС қатысушыларына, еңбек ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне зейнеткерлік жастағы адамдарды қоғамдық өмірге тартуға қолдау көрсету жұмыстары ерекше атап өтілді. Ардагерлер кеңесі барлық күш-жігерді зейнеткерлердің денсаулығы мен рухын нығайтуға, мәдени демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, қалада жұмыс істеп тұрған 22 шығармашылық бірлестіктердің жұмысын насихаттауға, спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға бағыттап келеді. Қалада белсенді ұзақ өмір сүру орталығы және 18 аула клубтары жұмыс істеп тұрғаны аталды. Кәзіргі таңда қалалық арадагерлер кеңесі қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде Ауған соғысы және басқа да әскери қақтығыстар ардагерлерінің одақтарымен, ішкі істер органдарымен, медициналық мекемелермен байланыс және бірлескен жұмыс нығайтылып келеді. Қалалық ардагерлер кеңесі аға ұрпақтың жағдайын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда ҰОС қатысушыларының медициналық көмек көрсетуіне ерекше көңіл бөлінуде; қалада 12 ҰОС қатысқан ардагер қалған. 2024 жылы әкімдік пен қалалық мәслихаттың шешімімен Жеңіс күніне орай қалада тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне 1,5 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілді. Облыста және қалада болған су тасқыны кезінде облыс тұрғындарына практикалық көмек көрсету үшін президиум мүшелерінен штаб құрылып, ол балалар мен зейнеткерлерге материалдық көмек көрсететін орталыққа айналды. Төралқа мүшелері қалалық ардагерлер кеңесінің штабына бекітілген бастауыш ардагерлер ұйымдарындағы ардагерлерді әлеуметтік қорғау туралы үнемі хабардар етіп отырды. Пленумға қатысушылар төраға М.Т.Әнесовтың баяндамасын талқылап, түрлі бастамалар көтеріп, жоспарларымен бөлісті. Жалпы, өзекті мәселелер төңірегінде қызықты әңгіме өрбіді. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Т.Әнесовтың есебін тыңдап, талқылай келе. және сөз алған ардагерлердің пікірлерін ескере отырып, пленум мынадай шешім қабылдады: «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі пленумынынде көтерілген мәселелер бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу төралқаға міндеттелсін, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты іс-шаралары орындалуы бақылауға алынсын. Қаралған екі мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены