Жаңалықтар
Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелері елімізде де ресми мереке ретінде екінші рет өткізіліп келеді. Әкелер күніне орай өткен «Әке жолы- ізгі жол» атты тәрбиелік-танымдық сағатының қонақтары ретінде Орал қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Әнесов М.Т., орынбасары Абилаева Р.Л. Балалар бұл әлемге ашық, таза ой-ниетпен келеді, олар қандай азаматтар болып өсетіні отбасына және жалпы қоғамға байланысты. Осы және басқа да тәрбие мәселелері туралы қонақтар сөз қозғады. Кездесуде сөз сөйлеген Қайролла Сабыров мұғалімдер әулетінің әкесі, 8 баланы тәрбиелеп өсірген, 27 немере және шөберенің атасы, облыстық және Орал қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті, балдарға ақ батасын берді. Бұл кездесуге көрермен ретінде «Самал» туристік лагерінің жиырмадан астам тәрбиеленушілері қатысты. Және кездесуге шақырылған Әскербек Нұрмұханов жас ата, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры, алты баланың әкесі, олардың үшеуі спортпен кәсіби түрде айналысады, және ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ұстаз, педагогика ғылымдарының магистрі Нұрлан Қабыкеш, М.Өтемісов атындағы БҚУ Мәдениет және өнер факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, магистр Абылқайыр Еслямғалиев қатысып түрлі сауалдарға жауап берді. Кездесуде көрермен лагерь демалушыларымен отбасы, әке, ана туралы сауалнама-тренингтер өткізілді. Шара барысында «Жастар» мәдениет сарайының әншісі, «Арман» аула клубының тәрбиеленушісі Қаратай Інжу «Ана-әке» әнін, «Атамекен» комьюнити орталығының тәрбиеленушісі Жусупкалиев Тарлан «Жаным әке» әнін тамылжыта орындады. Сондай-ақ көрермен назарына «Әке асқар тау, биік шың...» атты кітап көрмесі ұсынылды.