БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

2024 жылдың 31 мамырында қала ардагерлері және қала жұртшылығы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтті.

Бұл шараға Орал қаласы «Ардагерлер ұйымы» ҚБ құрамындағы президиум мүшелері бастауыш ұйымдарының төрағалары Құсайынов С.Қ., Құлманов М.М., Сабиров Х., Жақсылықов У., Макаров А., Кенжіғалиев С., Карибаев А. және т.б. қатысып, өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Осы күні ардагерлер «Атамекен» мәдениет орталығында өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі «20-50 жылдардағы мемлекеттік комиссия материалдарының» 33 томы ұсынылды; тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері ұсынылған материалдарды талқылап, ой-пікірлерімен алмасты.Бұл көп томдық еңбек Х.Есенжанов атындағы облыстық кітапханаға тапсырылды. Қазақстанда әділетсіз сотталған 100 мың адамның төрттен бірінен астамы өлім жазасына кесілді, еліміздің әр түкпірінен 5 миллионнан астамы Қазақстанға жер аударылып, аман қалғандардың көбі біздің елде баспана құрып, жаңа отан тапты.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены