Жаңалықтар
2024 жылдың 28 мамырда қала ардагерлері, актив және төралқа мүшелері БҚО Ішкі істер басқармасының мұражайына барды. Мұражай бір бөлмені алып жатыр, онда бірнеше стендтерде милицияның, кейін полицияның, қалыптасу және даму тарихы туралы экспонаттар мен материалдар орналастырылған. Стендтердің әрқайсысында 1919 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өлкенің құқық қорғау жүйесінің қалыптасу тарихының жеке кезеңі ұсынылған. Мұражайда экспонаттар, алғашқы милиционерлер туралы әңгімелер, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталған қазіргі кезеңдегі батырлар туралы әңгімелер бар, олардың жетеуі қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болды. Бүгінгі таңда Орал қаласында олардың біріне Ибат Жұмағалиұлы Мумбаев атындағы кадет сыныбы ашылды, ол Б. Момышұлы атындағы №46 мектепте орналасқан. Мұражай экспозициясын бірінші болып Ішкі Істер Халық Комиссары Әбдірахман Әйтиев пен полицияның алғашқы қызметкерлерінің фотосуреттері қойылған стенд ашады. Ұлы Отан соғысы сарбаздарының ерлігі жас ұрпақ үшін адамгершілік бағдар болып табылады, сондықтан мұражай ант қабылдауға, студент жастарға, мектеп оқушыларына баруға арналған орынға айналды. Мұражай экспонаттарында қызметкерлердің жеке құжаттары, олардың жауынгерлік еңбегі үшін және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша мінсіз қызметі үшін наградалары, төсбелгілері мен қызметтік нысаны көрсетілген. Өткен ғасырдың 50-70 жылдардағы "ФЭД" және "Зоркий" фотокамералары, полиция қызметкерлері жұмыста қолданған фонарьлар, компастар, баспа машиналары көрсетілді. Бұл ведомстволық мұражай ішкі істер органдарының қалыптасуының аға буын полицейлерінің тарихы мен дәстүрлерін сақтап тұрған орын, қазақстандық милицияның қалыптасу тарихы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Мұражайда болашақ әскерилер үшін ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның тарихын, әскери және жауынгерлік дәстүрлерін білу үшін батылдық сабақтары өткізіледі. Ардагерлер мұражай залдарын кеңейту жөнінде өз пікір тілектерін қалдырды; және қару-жарақ, киім-кешек, жауынгерлік тулар мен марапаттар, қызықты құжаттар, фотосуреттер болса қызықты болар еді деп ұсыныс білдірді. Мұражайға жастар мен аға буынның алдында экскурсовод мамандығының беделін арттыру қажеттігінеде тілек білдірді!