БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

Хуспанова Мария Раипқызын 78 жасқа толуымен құттықтаймыз!

2024 жылдың 10 мамырында қалалық ардагерлер кеңесінің «Ардагерлер ұйымы» ҚБ президиум мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Қ.Берген және Орал қаласының бір топ кәсіпкерлерінің қатысуымен Хуспанова Мария Раипқызын 78 жасқа толуымен құттықтады. Мария Раипқызы Хуспанованың мәдениет саласындағы көп жылғы еңбегі мен белсенді кәсіпкерлік қызметін атап өтіп облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Қ. Берген БҚО «Құрметті Ардагері» белгісімен марапаттады. Қалалық ардагерлер кеңесі атынан Алғыс хат пен гүл шоқтары ұсынылды. Хуспанова Мария 1946 жылы 10 мамырда дүниеге келген, Батыс Қазақстан облысындағы тұңғыш кәсіпкер, шебер сәнгер және облыстағы алғашқы «Мария Ханым» үлгілі үйінің негізін қалаушы ретінде танымал. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық дәстүрді жаңғыртумен байланысты отбасылық кәсіпті құруға қол жеткізді. Осы саладағы 30 жылдан астам қызметінде ол Батыс Қазақстан облысы мен қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына да зор үлес қосты. ТМД-ның Мәскеу, Саратов, Самара, Орынбор, Астрахань қалаларында Қазақстанның заманауи үлгідегі ұлттық бұйымдарының сән көрсетіліміне, Дубай, Париж, Ұлыбритания және Италиядағы шығармашылық көрмелерге үлгілер топтамасымен қатысуы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі еңбегін көрсетеді. Мария Раиповна Астанада, Атырауда және Ақтауда Сән үйінің өкілдіктерін ашып, өнім өндірісінің кеңеюіне ықпал етті. Қазір Сән үйін оның балалары басқарып, оны заманауи ұлттық мәдениетпен сусындатып, 2024 жылы «Наурызнама» ұлттық жобасы аясында қаладағы Наурыз мейрамында балалар мен ересектерге арналған ұлттық киімдердің көрсетілімін Орал қаласында ұйымдастырды. Бүгінде оның киімдерімен Батыс Қазақстан облысының үздік би және музыка ұжымдары өнер көрсетеді. Сондай-ақ 2024 жылғы өңірімізде су тасқыны болған кезде Хуспанова көптеген кәсіпкерлер сияқты шет қалмай, тасқыннан зардап шеккен азаматтарды қаржылай қолдады, мектептер мен мәдениет ошақтарына гуманитарлық көмек көрсетті.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены