БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

Отан қорғаушылардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды!

Қазір облысымызда және қаламызда жағдай тұрақты, су деңгейі тоқтап, су тасқынынан зардап шеккен барлық азаматтар мен олардың отбасыларына мемлекет тарапынан қажетті көмек көрсетілуде. Инстаграмдағы «birge_bko» парақшамыз ауылдарымызды тасқын су басып, қалаға жақындап қалған қауіпті күндерде тұрғындар мен зейнеткерлерді шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету және су тасқынын жоюдағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысын көрсету мақсатында ашылған еді. Қалалық ардагер ұйымының, бастауыш ардагерлер ұйымдарының депутаттармен, түрлі партиялармен, әскери қызметкерлермен, жауапты төтенше жағдайлар мамандарымен бірлесіп су тасқынын жоюда атқарған үлкен жұмысын көрдік. Істелген жұмыстар туралы біздің ардагерлеріміз Әнесов М.Т, Сағынаев Ж.Қ., Жақсылыков Ү., Оразғалиев Қ. тікелей эфирлерде және 40-тан астам жарияланған хабарламада айтылған болатын. Әрбір құм салынған қапшықтардың, әрбір уақытша жасалған бөгеттің артында үлкен-кіші, студенттер мен еріктілер, әскерилер, полицейлердің су тасқыны күндері қиын жағдайда бір-біріне қолдау көрсеткен адамдар тұрғанын айта кету қажет. 6 мамырда Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында салтанатты жиынға шақырылған біз, ардагерлер, облыс басшылығының 35 әскери қызметкер, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, ТЖМ қызметкерлеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстың жергілікті атқарушы органдары, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан облыс ардагерлеріне алғыс білдіргеніне куә болдық. Бірлесіп істеген жұмыстың арқасында облыстың 4 ауданы мен 84 елді мекені облыс орталығы Орал қаласы тасқын судан аман қалғаны атап айтылды.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены