БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

27 сәуір, 2024 жыл.

Қазіргі күні Жайық өзеніндегі судың деңгейі біртіндеп түсіп келеді, ресми ақпараттарға сүйенсек, Батыс Қазақстанда төтенше жағдай әлі де күшінде. Өңірде дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында Теректі, Бөрлі, Бәйтерек ауданы мен Орал қаласында су басу қаупі төмендеді. Осы уақытта негізгі жұмыс су тасқынының зардаптарын қалпына келтіруге бағытталған. Осыған орай, 27 сәуір мен 25 мамыр аралығында БҚО да, Орал қаласында «Таза Қазақстан» санитарлық-экологиялық сенбіліктер өтеді. Жалпы облыс бойынша Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендерді толғандырып жүрген мәселелерді түсіндіру бойынша іс-қимылдар мен тиімді коммуникацияларды үйлестіру мақсатында тұрақты жұмыс істейтін 10 қоғамдық штаб құрылды. Бөрлі, Теректі, Қаратөбе, Сырым, Бәйтерек, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласында су басқан 1292 үйдің 1150-і техникалық байқаудан өтіп, 400-і тұруға жарамсыз деп танылды. Су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер «Қазақстан халқына» қоры есебінен, сондай-ақ КПО б.в., «Жайық Мұнай», Конденсат ірі компаниялары мен «Ақжайық» жеке қорының аударымдары есебінен салынады. «Ақжайық» жеке қайырымдылық қоры облыс депутаты Тұрарбек Тілемісовтің бастамасымен ашылғанын айта кеткен жөн. Ол «Жайық Таза Қала» ЖШС-нің құрылтайшысы, «Орал Транс» ЖШС директоры . Тілемісовтың өзі 50 миллион тенге аударды, қазір қорды толықтырған 14 мүдделі азаматтан қор шотына 72 миллион теңге жиналды. Жеке қордың артықшылығы - қаражатты мәселелерді тез шешуге пайдалануға болады.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены