БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

Қаланың бастауыш ардагерлер ұйымдары су тасқынына қарсы шараларға қатысуды жалғастыруда.

Су тасқынынан зардап шеккен қала мен облыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жиналуда. «Достық» ардагерлер ұйымының басшысы Мәдина Қуанайқызы Қамзееваның айтуынша, зардап шеккендерге көмек ретінде 150 мың теңгедей қаржы аударылған. «Сударушка», «Нарын сазы», «Надежда» ұжымдары зардап шеккендерге 80 мың теңгеге жиналған заттарды жеткізіп берді. Эвакуацияланған азаматтарға арналған кітаптарды жинау да белсенді жүргізілуде; 100-ден астам кітап гуманитарлық көмек штабына тапсырылды. Жұмыс жалғасуда. 19 сәуір күні Орал қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жанат Қайырманұлы Сағынаев Жаңақала ауданы жерлестерінің ардагерлері бастауыш ұйымының жиналысына қатынасты,бастауыш ұйымының төрағасы Е.Айпишев. Отырыстың күн тәртібінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу және азаматтарға қолдау көрсету мәселелері қаралды. Осындай күн тәртібімен Бөрлі бастауыш ұйымындағы ардагерлер жиналысы өтті, бастауыш ұйымының төрағасы Құлманов М. Жиындарда бөгетті нығайтуға құм салынған қаптарды дайындауға белсене атсалысқан ардагерлер, және ауданның құрметті ақсақалдары марапатталды. Қалалық ардагерлер ҚБ ұйымының төрағасы М.Т.Әнесовтың алғыс хатымен Жанғала ауданының ардагері Бекқұлов Махмет Шайхислямұлына белсенді еңбегі үшін және 75 жас мерейтойына орай, сондай-ақ Бөрлі ауданының ардагері Бекбергенов Бақыт Наумғалиұлына 80 жасқа толған мерейтойымен марапатталды.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены