Жаңалықтар
Облыс орталығын су басу қаупі төнген шақта Орал қаласын су тасқынынан қорғап қалу үшін Бөкей Ордасы ауданынан 53 волонтерлер келді. Табиғаттың көрсеткен осындай сын сағатында жерлестеріміздің бірлік пен табандылықтың үлгісін көрсетіп жатқаны өте қуанышты. Жайық өзенін жағалай қонған 84 елді мекендегі 80 мыңға жуық халықты судан қорғап қалу үшін салынған 100 шақырымнан астам бөгетті түрғызуға Бөкей Орда азаматтары да атсалысты. Тоғыз күн бойы талмастан еңбек қылған орда елінен келген жігіттерге Орал қаласында тұратын бөкейліктер қошемет көрсетіп, ризашылығын білдірді.