БАҰ

KZ RU
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
  • Контактілер
Тіркелу

Жаңалықтар

Жаңалықтар

...

«Ардагерлер ұйымы» ҚБ Орал қалалық кеңесінің пленумы өтті

2024 жылдың 16 сәуірінде «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Орал қалалық кеңесінің бірінші пленумы өтті. Күн тәртібіне үш мәселе енгізілді. Пленумның шешімі бойынша М.Т.Әнесовтың «Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласындағы су тасқыны жағдайы туралы» ақпараты қабылданды., Қаланың ардагерлер ұйымдары арасында Instagram birge_bko, Facebook әлеуметтік желілері және сайт арқылы су тасқыны жағдайы туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, қалалық ардагерлер орталығына гуманитарлық көмек жинауға атсалысу туралы шешім қабылданды. Жайық өзенінің жағасындағы бөгетті нығайту жұмыстарына белсенді қатысуды ұйғарды. «Қалалық ардагерлер кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екінші мәселе бойынша кеңеске үш кандидат ұсынылды: Абилаева Р.Л., Битимова Х.Б., Құспанов С.Г. Негізгі үшінші мәселе бойынша қалалық ардагерлер ұйымдарының төрағасы Г.М.Аймағамбетованың «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»: Ардагер ұстаздарға ілтипат» жастарға патриоттық тәрбие беру және оларға жинақталған білім, білік, дағдыларды үйрету тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Қаланың ардагер бастауыш ұйымдары күштерімен жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жұмысын жалғастыру ұсынылды.

Mentor

Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., пр. Достык - Дружба, 182/1
Телефон: +7 777 77 77
Email: info@example.com

Басты сілтемелер

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жобалар
  • Басшылық
  • Жаңалықтар
Разработано ITC Group. Все права защищены